Ақынның өлеңдерін көптен білетінмін. Бір қатарын оқимын да, тоқтап қаламын. Екінші бір қатарын оқып, тағы кідірем. Адам баласының табиғаты қызық қой. Өзіңе таныс емес сезім-күйлерді, беймағлұм сөздерді қабылдау қиын.Барлық уақытта «Іші алтын, сырты күміспен» кездесе бермесек те, көбінде айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр болып келетін өлеңдер оқитын басымыз ақынның ырғаққа бағындырылғанымен, буынға, бунаққа бағына қоймайтын ақ өлеңдерін қабылдай қоймауымыз заңды еді. Оның ар жағында құрығанда көшпенділер поэзиясына тән архетиптерді тани алатындай білімің мен көшпендінің танымындағы еркіндік ұғымын сезіне алатындай шамаң болмаса, ақын өлеңінің тереңіне бойлау да қиын екен.

«Боз талдар күлтелі бүр тағып, Әулие даланың сағымын түйелер кешеді. Бозторғай зар илеп, шырылдап төбеде. Тамағын жыртады. Иесіз әуендер неше мың, Киесіз түземді мекендеп, Құстармен алысқа көшеді үн. Өседі. Өшеді. Құсни саздардың ізінде өртенсем екен деп. Құс әні – құсалы», деп тебіренетін оның жырлары жаһандану қыспағындағы адам, жан-жануар, табиғат арасындағы үйлесімсіздік пен ырғақтың бұзылуын сезе білген көшпенді ұрпағының көңіл күйінен хабар беретіндей.
Әулие далада сағым кешіп жүрген түйелер мен құстардың құсалы халін, киесіз түземдегі тіршілік жайын бір шумаққа сыйдыру шеберліктен бұрын ақын жүректің зары сияқты немесе «Сен маған неге у сіңген көзбен қарайсың?» деп жаныңды шошытып жіберетін жолдың астарындағы «бұзылған болмыс» идеясы көптеген өлеңінен қылаң береді. Үйдегі «Көгілдір шабытты» парақтай отырып, бұл кітаптың оның құпиялы әлемінің, ақындық ерекшелігінің жаршысы екендігіне күмән келтірген емеспін.
Жақыннан көрудің, танысып, аз-кем сұхбаттас болудың сәті кейінірек, Моңғолияда тұратын Сұраған Рахметұлы Нұр-Сұлтанға үлкен бір жиынға келгенде түсті. Қазақстандағы әдеби ортамен байланыстағы ақынның өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жиі жарияланады әрі ол жырлар оқырмандарға ақынның өзінен гөрі етене таныс. Сол жолы ол сұрапыл жырларын оқымады. Әдеби процесс, шығармашылыққа қатысты біршама ой-пікірлерімен бөлісті.
Ол тек қана ақын емес. Қазақ оқырмандары оның өлеңдерімен таныс та, зерттеулерін онша біле бермейді. Модернизм, экзистенциализм, постмодернизм, т.б ағымдарды негіздеген, қалыптастырған батыстық философтар мен ақындардың еңбектерін жіліктеп-жіліктеп талдап бере алатын әрі аудармамен айналысып жүрген көпқырлы қаламгер әлемдік поэзия үдерісін бес саусағындай біледі. Қазақ поэзиясы тұрмақ, Американың бүкіл рухани әлемін өзгертіп жіберген оқиғалармен таныс. Жаңашылдыққа жаны құштар.
«Мен бұрынғы дәстүршіл кейіптегі әдебиет зерттеушілердің қалай тырмысса да, кешегі қисынмен әдебиетті бағалай алмайтынын сеземін. Оларға ренжуге де болмайды. Көп нұсқалы көзқарасты, ықтималдығы мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі – синергетика атты ұғым бар. Бұл әрі жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ендеше, осы тұрғысында қазақ поэзиясына жаңа сана, жаңа серпін енгізген ақындар бар», дейді ол.
Ақынның көзқарасына салсақ, түркілік поэзия да әлемдік әдеби-мәдени мұраның ірі бір тармағы ретінде дами бермек және әлем ақынның қолтаңбасына жүгінеді. Қатардағы өлеңшілердің инкубатордың балапандарынан аумай қалған бір-біріне ұқсас тақпақтарына шарт қою да бекершілік. Бірақ элиталық поэзияға ділмарсудың, әсіре мақтаудың, мәтелдеудің онша қажет еместігін айтты. «Ақын өлеңі жаңа әрі аса құнды болмағы шарт. Ешкімнің ойына келмеген таза сарын, саф сана – пайым жемісі», дейді ақын.
Ешкімнің ойына келмеген таза сарында жазу үшін «кешегіні» түгел зерделеп алу керек шығар? Түбірі ортақ, діңі бір көне құндылықтарды көкірегіне сақтаған қазақтың інжу-маржан тағынған поэзиясын байыту үшін ақын қаншалықты дәрежеде оқымысты болу керек өзі? Бұл әрине таласты мәселелер. «Ақынның аузына Алла өзі сөз салады» дейтін пікірдегілер үшін оқымыстылықтың өзі зиянды. Бірақ болмысты іздестіру, көру, табу, тану басқаша қалай болмақ?
Сұраған ақын Батыстан көшіп келе жатқан «айдаһари» дүниені өзі де жақтыра бермейді. Алайда коммунистік «концлагерь» кезінде орны үңірейіп қалған кеңістікке батыстық мәдени-әдеби түрен арқылы төңкеріс жасағандардың қисындарын «отырғызуды» да жек көрмейтін секілді. Жалпы, оның әдебиетке, оның ішінде жаңаша бағыттағы әдебиетке қатысты ой-пікірлері «Қаламұш-әлем» атты қара сөзбен жазылған кітабында кеңінен тұжырымдалған.
Әрине біз бір ғана жазбада ақын туралы көп нәрсе айта алмаймыз. Оның өлеңдері, зерттеулері, аудармалары бөлшектеуге келмейтін бір әлем сияқты. Ол – жаңашылдық пен жаңалық, табиғилық пен даналық салтанат құрған әлем.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Түркияда Ұлы дала қайраткерлерінің еңбектері насихатталды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар