30 Маусым, 2020

Месси "Алтын допқа" үміткерлер үштігінен шығып қалды

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Goal басылымы "Алтын доп" жүлдесіне негізгі үміткерлердің жаңартылған рейтингін жасады.  Бұл тізімнің үздік үшіктер қатарында "Барселонаның" лидері Лионель Месси жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Месси "Алтын допқа" үміткерлер үштігінен шығып қалды

 

Тізімнің көшін мюнхэндің "Баварияның" шабулшысы Роберт Левандовски бастап тұр. Екінші орында "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасса, үшздік үштікті "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне түйіндеген. 

Ал "Алтын допты" алты рет жеңіп алған Лионель Месси болса тек төртінші орынға табан тірепті. 

 Goal тұжырымынша "Алтын доп" жүлдесіне негізгі үміткерлердің ондығы:

1. Роберт Левандовски ("Бавария").
2. Криштиану Роналду ("Ювентус").
3. Кевин Де Брбйне ("Манчестер Сити").
4. Лионель Месси ("Барселона").
5. Томас Мюллер ("Бавария").
6. Карим Бензема ("Реал").
7. Неймар (ПСЖ).
8. Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд).
9. Килиан Мбаппе ("ПСЖ").
10. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд).