Қазақстан • 30 Маусым, 2020

Коронавирус: Қандай маска тағу керек?

984 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, медициналық және мата маскаларды кім және қашан киюге болатынын арасында бірнеше айырмашылықтары бар, - деп жазады Egemen.kz

Коронавирус: Қандай маска тағу керек?

Медициналық масканы медицина мамандары, COVID-19 белгілері бар адамдар және COVID-19-ды жұқтыруда күдікті емделушілерге күтім жасайтын адамдар кию керек.

Сондай-ақ, 60 жастан асқан адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде медициналық маскалар кию керек.

Коронавирустық инфекцияның таралуы тіркелген жерлерде, сондай-ақ кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде COVID-19-дың белгілері жоқ адамдарға мата (медициналық емес) маска кию керек.

Сонымен қатар, масканы қолданған кезде оны дұрыстап кию және дұрыс тастау маңызды.

Масканы киер алдында қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Ауызыңызды және мұрныңызды маскамен жауып, бет пен маска арасында бос орындар жоқ екенін тексеріңіз.
Масканы қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз. Егер тигізсеңіз, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
Масканы ылғалданған соң ауыстырыңыз және бір реттік масканы қайталап кимеңіз.
Масканы артқы жағынан шешіңіз (алдынғы жағын қолыңызбен ұстамаңыз). Оны дереу жабық қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.