Коронавирус • 30 Маусым, 2020

Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырды

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық танымал кәсіпкер, меценат Айдын Рахымбаев та коронавирус жұқтырған. Бұл туралы BI Group компаниясының басшысы Facebook-тегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырды

Ауру жұқтырғаның туралы айту - ұят емес. Бұл айналаңдағыларды қауіптің барын айтып ескерту екенін айтқан Рахымбаев, алаңдауға негіз жоқ екенін ескертті. 

"Уайымдауға еш себеп жоқ, бұдан да өтеміз. Пандемия кезінде 3 ай бойы жұмыс барысында індеттің тырнағына ілікпей, қашып жүрдім.Адам көп жерлерге барған жоқпын, қатаң түрде гигиена сақтап, маска мен қолғапты да тастамадым, түрлі кездесулерден де бас тарттым. Бірақ бәрібір инфеция жұқтырыппын. Енді жақсы жаңалық айтайын, отбасым қауіпті дерттен дін аман, тексерілу нәтижесі теріс шықты. Бұл менің оқшауланғаным мен жіті жүргізіліп отырған дезинфекция себебінен", - деді меценат.