Коронавирус • 30 Маусым, 2020

Байбаламшы вирустан да қауіпті

342 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Күнделікті бірнеше жаманат, қайғылы хабар естіп, қабырғамыз қайысып жатыр. Ауруханаларда орын жоқ, дәріханаларда дәрі жетіспейді. Ал ауру қарқын алып, қаһарына мініп тұр. Вирус жоқ, бұл саясат дегендеразайды, сенбегендердің өздері де ауырып жатыр, немесежақындары қайтыс болғанын көрді, - деп жазады Egemen.kz

Байбаламшы вирустан да қауіпті

Жедел жәрдем шақырсаң келмейді, өйткені шақырушы көп, ал апарған адамды аурухана қабылдай алмайды, себебі орын жоқ. Дәрігерлердің өздері де ауырып жатыр. Бара-бараемдейтін дәрігер таба алмай қаламыз ба деген қауіп көңілге ұялайды. Абдыраған халық бірін бірі емдеп, кеңес беріп, тіпті орнынан тұра алмай жатқан адамға дәрі апарып беретін ресми емес Жедел жәрдемге айналуда. Отандық медицинаның «Бәрі бақылауда» деген аты дардай алгоритмдері, «А», «Б» деген жоспарларының желі шығып, пыштай болып қалды. Ауру бақылаудан босанып, ауа жайылып кетті. Орыс халқының«Өткел үстінде ат ауыстырмайды» деген мақалын білгенімізбен де министрді өзгерттік.

Жаңа келген басшының ұлттық тамағын келеке еттік, біреудің дәстүрлі асына күлу дегеннің ұят, ерсі қылық екені де есте жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын елімізге келіп, асылған етті түсіріп, жылқын
ың қартасының не екенін білмей «конский член» деп бүкіл әлемге көрсетіп, күлген өресіз, таяз, сорлы журналистің кейіпін тұтас халық киіп кеткендей көрінді.

Енді вирусты әуеден ауаға таратып жатыр деп байбалам салушылар шықты. Логикаға, қисынға салып ойлапкөрейікші. Ауаға жіберсе ол ауаны сол таратушылардың өздері де, жақындары да жұтпай ма? Әлде олар басқа ауамендемалады ма? Ал вирустың айналада бар екені анық. Оны сапырлысқан жұрт әрлі-берлі тасып жүр. Қонақтан тиылмай, садақаға, тойға барып, ауласына топырлатып халық жиып, келін түсіріп, бетін ашып жатыр. Ана қаладан мына қалаға, анау үйден мынау үйге, анау көшеден мынау көшеге, анакафеден аялдамаға, одан автобус арқылы елге таратып, вирусқа кең жол ашып жүрміз. Енді ол вирус ауру таратушының жүрген жолында, отырған орнында, тыныстаған ауасында қалмай ма? Ауаға таратып жатқан өзім деу керек одан да.

Неше
ай болды немерелерді көре алмай жүргенімізге. Кеше Түркиядан бірінші курсын аяқтап Ақнұрым келгенде, әулет болып тұмшамызды киіп, бір-бірімізге жақындамай, баланыкөшеден көріп, әр отбасы көлігімізге отырып, сол көшеден үйді үйімізге тарастық. Себебі, қай үй де қажеті үшін сыртқа шығады, көбі қашықтан істегенімен арасында жұмысқа баратыны бар, әйтеуір вирус тырнағына іліну қауіпі жоқ емес. Сондықтан жұқса сол отбасының ауқымында ғана қалсын, өзге үй аман болсын деген жанашырлықпен қимай-қимай кете бардық.

Қайтыс болған жақындарымызға батаны каспиголдпен аударып, кейін ауру тыйылғанда құран оқып кіріп шығамыз дедік. Сөзіміз өтер туыс-туған, жора-жолдасқа «Өзіңе де, жақындарыңа да жасаған жақсылығың болсын, әзірше шақырысты қояйық, тиылу керек», дедік. Біреу тыңдап, біреу ой не болды сонша, ажал келіп тұрса қарамайды», дейді. Ал қасиетті құранда да індет болған жерге бармау қажеттігі, ал егер сондай жерде болсаң өзгеге таратпау үшін сол ортаданкетпеу жазылған екен.

Осы індет біздің ұлттық сана, деңгейіміздің таяздығын, әлде надандығымыз деу керек пе соның бетін ашып бергендей.
Той жасап, бармаған жанды «көршінің тойына келмеді, бәріміз ауырып, сол ғана аман қаламын дей ме екен»деп күстаналайды ғой тағы. Көп адам жинауға рұқсат болмаған соң, үлкен коттедж жалдап, халық жиып той өткізіп, құдайы-садақа беру сынды қылықты дәл осындай індеткезінде барып тұрған надандық немесе ұлтқа жасалған қастандық десе артық емес.

Әуелде ауру жоқ, кімнің туысы, танысы ауырды деген сенбестіктің аяғы індеттің өршуіне алып келді. Әлеуметтік желілердің бетінде жер жүзінде түрлі дерттерден жылына қанша адамның дүние салатынының статистикасы келтірді.Сөйтіп салыстырып, мына тажалдан қайтыс болған адамдардың саны солардан аз, сондықтан қорқатын дәнеме жоқ, біз ауырмаймыз, қорықпаймыз, күнделікті тынысымыздан жаңылмаймыз, бәз баяғыдай тіршілік етеміз деп, халықты бейғамдыққа үндеген түрлі ақпараттарды жарыса таратты.

Сонда ия, статистика шын айтады, бірақ туберкулез, онкология, диабет, түрлі аутоиммунды аурулардан көз жұматын адамдар көп болғанымен, олардың барлығы мұндай кенет жұғып, бас аяғы бір айдың ішінде бақиға алып кетіпжатқан жоқ. Олардың көпшілігі адамға «ғұмырлық серік»созылмалы дерттер, арасында емделетіні де, уақытылы дәрі-дәрмегін алып ұзақ жыл кәдімгідей сапалы өмір сүруге болатыны бар. Ал мына індеттің жөні бөлек, аз уақытта баудай түсіріп, әлемді әбігерге салып, адамзат баласын үлкен қауіпке тіреп қойды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияны бекерге жарияламайды, мұндай жағдай өте сирекболады. Тұтас елге төтенше жағдай жариялау еріккеннің ермегі емес, алайда қанша қиындық туатынын біле тұра халықтың амандығы үшін осындай қадамға баруды бағалап, әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілікті көрсететін шақ туды. Ал жоғарыдағыдай ақпарат таратушылар, егер сол ақпараттың зияны, сілтісі халыққа тисе қайтесіз? Арыңыздың алдында қалай жауап бересіз? Кейін өкініп, бармағыңызды шайнап жүрмеңіз, деп жаздық. Құлақ асқан жан болмады.
Карантин біткен күні көшеге өріп кеттік. Ауру өршіді.

Қазір жұқпалы аурудың барлығына көздері жетті. Бірақ«Халықтың бәрі тойға барып індетті ушықтырды - дегенге шынымен сенесіңдер ме?» дегендей  зиянды  жазбалардың жариялануы толастамай отыр. Ал елімізде індеттің қарпуының қатты болуына осындай жандардың тікелейқатысы бар. Өйткені  сондай жазбаларға: «Сенбейміз, тойдың жазығы жоқ, қолдан таратып, ауадан вирус жіберіп жатыр»,деп елді адастырушылар қатары біраз екен.

«Ау қазақтар, неше жерден халқына қас, жауыз Үкімет болса да олай жасамайды. Не деген көрсоқырлық бұл. Ауаға таратса, одан ешкім сау қалмайды, егер бункерде отырмаса. Сонда Қазақстанда аз ғана топ бункерде отырып, қалған 99 пайызды улап жатыр дейсіздер ме? Ми қайда, басты шайқап-шайқап кішкене қозғап, қою керек пе?», деген ауыр сөздер де әсер етер емес.
Сондай жабалармен халықтың денсаулығына зиянын тигізіп, елді іштен ірітіп, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиянтигізетіндерді жауапқа тарту керек деп санаймын.

Бас Прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мынадай жөнсіздікке тосқауыл бола ала ма, алмай ма?