Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген коронавирус індетінің таралуына қарсы арнайы кеңесте өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина қызметкерлеріне және дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық айқын сезіліп отырғаны қатаң сынға алынды.

Мұндай көріністер кеңесте аталып өткендей, Ақтөбе облысында да орын алды. Мұның себебі неде?! Өңірдегі 573 дәріханаға дәрі-дәрмектер белгіленген көлемде әрі дер уақытында жеткізілсе де, бүгінгі орасан ауқымдағы сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Өйткені індет күн сайын өршіп барады. Соңғы аптада вирустың бір тармағы – пневмониямен ауырғандардың саны 6-7 пайызға дейін күрт өсті. Мұндай сыни шақта дәріхана иелері қорды сұранысты толық қамтамасыз ететіндей деңгейде толықтырып отыруы қажет. Олардың арасында күрделі кезеңді жеке мүддесіне пайдаланып, бағаны өсіруге ұмтылғандары да бар.
Сондай-ақ аймақта ауруханаға жатқызылушылар қатары күн сайын артып келеді. Өткен маусым айында 464 адам сауығып шықты. Әйтсе де бүгінде қос өкпенің бірдей қабынуы салдарынан адам өлімі көбейді. Атап айтқанда, аймақта 62 адамның өлімі пневмонияның асқынып кеткен жағдайында тіркелген. Осы орайда басым бөлігінің қан қысымы, жүрек ауруы және қант диабеті сияқты қосымша сырқаты болған. Бүгінде ауруханаға пневмониямен түскендердің дені ауруын асқындырып алғандар. Екіншіден, қазір облыста зертханалық тексерулер вирус жұқтырғанын көрсетпесе де, оларға КВИ сынамасы бойынша ем жасалуда. Медициналық мекемелерге ауыр жүк түсті.
Күрделі жағдайға байланысты соңғы аптада Ақтөбеде жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша шаралар қабылданды. Сөйтіп карантиндік стационарларға қосымша 2 мыңнан астам кереует әзірленді. Соның ішінде туберкулез ауруханасында 500 орын провизорлық емдеу орны ретінде жасақталды. Алдағы күнде тағы да қосымша 150 орын қосылмақ. Оған қоса тамызға дейін 200 орын жасақталмақ. Осылайша облыста негізгі күшті провизорлық госпитальдарға жұмылдыру көзделген. Сонымен бірге барлық емхана жанынан күндізгі стационарлар ашылды. Онда тәулігіне 200-ден астам адам ем қабылдайды. Үшіншіден, өңірде 4800 дәрігердің қатарына қосымша ем жасау мен дәрігерлік көмек көрсету үшін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің резинденттері мен оқытушы профессорлар құрамы тартылды. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметі мен провизорларға қосымша көмекке Ақтөбе медицина колледжінің 100-ден астам түлегі шақырылды. Төртіншіден, өңірде бүгіннен бастап барлық емдеу мекемелерін «СК-Фармация» құрылымы арқылы дәрі-дәрмектермен толық қамту шаралары белгіленді.
Еліміз бұған дейін қандай да бір жұқпалы инфекциялық және эпидемиялық аурулардың ошағы болып есептелмегендіктен инфекционист дәрігерлердің саны шектеулі болып келді. Соның салдарынан барлық жердегідей Ақтөбе облысында да бүгінде КВИ-дің есебіне шығатын пневмония дерті өршуде. Мұндай жағдайда әрбір инфекционист дәрігерге түскен жүктеме 5-6 есеге дейін өсіп отыр. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының бас инфекционист дәрігері Мейрамбек Құрманғазин айтып берді. Олар мұндай алты еселенген жүктемені көтере алмайды. Сондықтан да саны өспеген бұрынғы құрамдағы инфекционист дәрігерлер қазір негізінен кеңес беруші, консилиумдарға қатысып ой қорытушы және ауруды емдеуге қатысты бағыт-бағдар, жол сілтеуші міндетін атқаруына тура келіп отыр. Бұдан басқа жол жоқ деп тұжырымдады ой-пікірін өңірдің бас инфекционисі. Міне, осының бәріне бағыт-бағдар, кеңес беруші өңірдегі саны шектеулі инфекционист мамандар.
Түйіп айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткізген арнайы жиында Ақтөбе облысында індетпен күрес және оны ауыздықтау мәселелері өз деңгейінде емес екендігі жөнінде өткір сын айтылған кезге дейін әрі одан кейін облыста бұл мәселені жолға қою жөнінде шұғыл іс-шаралар кешені жасақталды. Бұған бірқатар дерек пен мысал жоғарыда айтылды да.
АҚТӨБЕ
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Түркияда Ұлы дала қайраткерлерінің еңбектері насихатталды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар