Қазақстан • 01 Шілде, 2020

Тұрғындарды алдап, телефонын ұрлап жүргендер анықталды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының полицейлері алаяқтардың арбауына түспеу керектігін, таныс емес адамға сенім білдірмеу қажеттігін ескертеді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Тұрғындарды алдап, телефонын ұрлап жүргендер анықталды

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге және олардан сақ болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға бағалы заттарды немесе ақшаны беру кезінде қырағылық көрсетіп, қайта тексеру қажет.

Мәселен, 2020 жылдың наурыз айында Алға ауданы Құмсай ауылының 30 жастағы тұрғыны орталық базардың маңында тауар айналымын сылтауратып 30 жастағы Ақтөбеліктің ақшасын алып кеткен. Сенім білдірген әйел алаяққа 700 мың теңге берген. Полицияға тек 2020 жылдың маусым айында ғана арызданған. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

2020 жылдың наурыз айында 1989 жылы туған ақтөбелік Олег Кошевой көшесіндегі үйдің ауласында алдау жолымен 1961 жылы туған Ақтөбеге тиесілі велосипедті алып кеткен. Полицияға 2020 жылдың маусымында әйелден хабарлама келіп түсті. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

24 маусым күні 1983 жылы туған ақтөбелік "Жанар" сауда үйінің жанында алдау жолымен 1968 жылы туған тұрғынның "Орро" маркалы ұялы телефонын алып кеткен. Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түсті. Күдіктінің осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.