Аймақтар • 01 Шілде, 2020

Ақмола облысында 700 шақырым автожол жөнделеді

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Ақмола облысында 700 шақырымға жуық автожол төсемі жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақмола облысында 700 шақырым автожол жөнделеді

Осы жылы көптеген елді мекенге бағытталған тасжолдың жағдайы жақсара түспек. Осыған байланысты Көкшетауда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада бірнеше көшеде асфальт-бетонының төсемі жаңартылмақ.

Сондай-ақ Назарбаев даңғылы мен Ғабдуллин көшесі кеңейтіледі. Қылшақты өзені арқылы бірнеше көпір салынады. Тасжол төсеміне 39 млрд теңге бөлінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, олардың тиімді пайдаланылуын қадағалайтынына сендірді.

Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы филиалының инженері Александр Волков: "Жер төсемі тексеріледі. Топырақ құрамының сапасын және кесу сақиналары арқылы тығыздығын анықтаймыз. Одан әрі негізгі төсеніш қабаттарына, қиыршықтастың физико-механикалық сипаттамаларына сәйкес тексеріледі", дейді ол.

Ал Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Владимир Кулаковтың айтуынша, ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар – Ақсу-Бестөбе-Изобильный жолдары бойынша жұмыстарды аяқтайды. Алдағы ірі жобалар Балқаш-Шантөбе, Новочеркасское-Егіндікөл, Көкшетау қаласындағы кіреберісті, сондай-ақ Зеренді бағытындағы Көкшетау-Атбасар автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары істелетінін айтты.