Қазақстан • 01 Шілде, 2020

Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілер Украина нарығындағы орнын сақтап қалды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина тарапы өзіне келетін тыңайтқыштардың импортына қатысты қорғау тергеп-тексерулер жүргізді, алайда біздің ел компанилары үшін қолайсыз шараларды қолданбай аяқтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілер Украина нарығындағы орнын сақтап қалды

Украина нарығы "Қазфосфат" ЖШС және "ҚазАзот" АҚ қазақстандық компаниялары өндіретін тыңайтқыштарға арналған негізгі өткізу нарықтарының бірі болып табылады.

Қазақстанның Украинаға орташа жылдық экспорты шамамен 41 млн АҚШ долларына 110 мың тонна құрайды. Мұндай нарықтың жабылуы отандық кәсіпорындарға теріс әсер етуі мүмкін еді.

Тергеп-тексеру жүргізудің бүкіл кезеңі ішінде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық зауыттардың мүдделерін қорғап, Украинаның уәкілетті органымен тығыз ынтымақтастық орнатты.

Қазақстандық сауда министрлігінің бастамасымен қазақстандық тыңайтқыштар үшін квоталар беру немесе қазақстандық тауарды шара қолданысынан шығару мәселесі қарастырылды. 

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Украинаның уәкілетті органының шешімін сот тәртібімен даулау мүмкіндігін жоққа шығармады.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазақстандық компаниялар дәстүрлі өткізу нарығына экспортты жалғастыра алады.