Күрес түрлерін серік еткен кейбір жалынды жігіттер 20 жасында-ақ дара талантымен оқшауланып, Олимпия ойындарының алтын тұғырына көтеріледі. Басқа бір балуандарға сол белес 40 жастан асып, ардагерлер санатына қосылған шағында ғана бағынады. Бір сөзбен айтсақ, бақ пен даңқ, атақ пен абырой біреуге ерте, біреуге кеш қонады.
Бүгінгі әңгімеміз еркін күрес пен грек-рим күресі шеберлерінің арасында Олимпиада чемпионы атанған ең «жас» және ең «кәрі» балуандар жайында.

Еркін күресте 19 жастан асқан шағында Олимпиада чемпионы атанған қос балуан бар. Олар – югославиялық Шабан Трстена мен әзербайжандық Торгул Аскеров. 1965 жылы Скопье қаласында дүниеге келген Шабан 1984 жылы Лос-Анджелестегі додада 52 кило салмақ дәрежесінде белдесіп, бас жүлдені қанжығасына байлады. 1992 жылы Гянджада туған Торгул 2012 жылы Лондонда 60 кило салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Чемпиондық тұғырға көтерілген кезде Трстена 19 жас және 7 айда болған, ал Аскеров 19 жас 10 айда еді. Сол себепті де югославиялық балуанның есімі ең жас Олимпиада чемпионы ретінде тарихта қалды.
Жоғарыда есімдері аталған спортшылардың одан кейінгі жүріп өткен жолдары жарқын жеңістерге толы болды. Шабан Трстена Сеул Олимпиадасында күміс медальды мойнына ілді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Еуропа біріншілігінде 2 алтын, 3 күміс және 2 қоланы еншіледі. Торгул Аскеров 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміспен күптелді. Әлем чемпионатында екінші орынға табан тіреді. Еуропа чемпионаты мен Еуропа ойындарында алдына жан салмады.
Жалынды жастар арасындағы үздіктер тізімінде Ресей спортының шоқ-жұлдызы Абдулрашид Садулаев үшінші орында тұр. 1996 жылдың 9 мамырында Дағыстандағы Чародин ауданының орталығы Цуриб ауылында жарық дүние есігін ашқан ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында 86 кило салмақта күресіп, қарсы келгендердің барлығын қоғадай жапырды. Ол кезде Абдулрашид 20 жас және 3 айда еді. Расында да, Садулаевтың да бағындырмаған белесі жоқ. Ол әлем және Еуропа чемпионаттарын төрт реттен ұтты. Екі рет Еуропа ойындарында дара шықты.
Сондай-ақ жас кезінде Олимпиаданың алтын тұғырына көтерілгендер қатарында КСРО құрама комадасының мүшелері Санасар Оганисян (Мәскеу, 1980) мен Магомедгасан Абушев (Мәскеу, 1980), ресейлік Мавлет Батыров (Афина, 2004) пен Бақтияр Ахмедов (Бейжің, 2008), америкалық Кайл Снайдер (Рио, 2016) мен Генри Сехудо (Бейжің, 2008) және Солтүстік Кореяның өкілі Ил Пак (Барселона, 1992) сынды сайыпқырандар бар. Олардың барлығы да 20 жастан асқан шағында «мәңгі тозбас» атаққа қол жеткізді.
Еркін күрестен ең қарт Олимпиада чемпионы ретінде Арсен Мекокишвилидің есімі аталуда. 1952 жылы Хельсинкиде топ жарғанда ол 40 жастан асқан еді. 1912 жылдың 12 сәуірінде Грузияның Кахетия қаласында туған ол алғашында грек-рим күресімен айналысты. Самбодан КСРО-ның жеті дүркін чемпионы және КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы атанды. 40 жасында Кеңес Одағы құрама командасы сапына қабылданды. Оған дейін халықаралық жарыстарға бірде-бір рет қатыспағанына қарамастан, Мекокишвили Суоми елінде айды аспанға шығарып, алтын медальды мойнында жарқыратты. Араға екі жыл салып Арсен Токиода әлем чемпионы атанды.
Жоғарыдағы белес мажарстандық Дюла Бобишке 39 жасқа (Лондон, 1948), ал болгариялық Валентин Иордановқа 37 жасқа (Атланта, 1996) қараған шағында бағынды. «Шау тартқан» шағында Олимпиада алтынын алғандар тізімінде Карло Мэкинен (Финляндия, Амстердам, 1928), Яшар Догу (Түркия, Лондон, 1948), Герман Гери (Швейцария, Париж, 1924), Александр Медведь (КСРО, Мюнхен, 1972), Махмұт Аталай (Түркия, Мехико, 1968), Куста Пихлаямеки (Финляндия, Берлин, 1936) және Йохан Рихтофф (Швеция, Лос Анджелес, 1932) сынды саңлақтар бар.
Грек-рим күресінен ең жас Олимпиада чемпионы – ресейлік Исламбек Албиев. 1988 жылдың 28 желтоқсанында Грозныйда дүниеге келген чешен жігіті 2008 жылы Бейжіңде бас жүлдені олжалады. Ол кезде Исламбек 19 жас 7 айда еді. Даңқты Түркия балуаны Хамза Ерликай 20 жастан енді ғана асқан шағында сондай құрметке бөленді. 1976 жылдың 3 маусымында Мәрмәр теңізінің жағалауында туған ол 1996 жылы Атлантадағы додада дара шықты. Ғасырлар тоғысында Сиднейде алауы тұтанған Олимпия ойындарында да Хамзаға тең келер балуан табылмады.
Сондай-ақ «ТОП-10» жас қырандардың тізіміне мына грек-рим күресі шеберлері еніп отыр: Сурен Налбандян (КСРО. 20 жас, 1 ай. Монреаль, 1976), Шазам Сафин (КСРО. 20 жас, 3 ай. Хельсинки, 1952), Александр Карелин (КСРО. 21 жас. Сеул, 1988), Вартерес Самургашев (Ресей. 21 жас. Сидней, 2000), Борис Гуревич (КСРО. 21 жас, 4 ай. Хельсинки, 1952), Чон Джихен (Оңтүстік Корея. 21 жас, 5 ай. Афина, 2004). Александр Колчинский (КСРО. 21 жас, 5 ай. Монреаль, 1976) және Хасан Бароев (Ресей. 21 жас, 8 ай. Афина, 2004).
Тарихқа жүгінсек, 40 жастан асқан шағында Олимпия ойындарында алдына жан салмаған грек-рим күресінің қос шебері ғана бар. Олар – Адольф Линдфорс (Финляндия) пен Анатолий Рощин (КСРО). Финляндияның мақтанышы 1920 жылы Антверпенде атой салды. Ол кезде Линдфорс 41 жас 6 айда еді. Алыптармен айқасқан КСРО-ның өкілі 1964 жылы Токио мен 1968 жылы Мехикода ақтық сынға дейін алқынбай жеткенімен, шешуші тұста ұтылды. Екі ретінде де ол күміс медальды қанағат тұтты. Ал 1972 жылы Мюнхенде 40 жастан асқан Рощин ешкімге есе жібермей, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Сонымен қатар Йоханес Коткас (КСРО. 37 жас, 5 ай. Хельсинки, 1952), Кааро Антилла (Финляндия. 36 жас, 10 ай. Париж, 1924), Карл Вестерген (Швеция. 36 жас, 9 ай. Лос-Анджелес, 1932), Клас Юхансон (Швеция. 35 жас, 6 ай. Антверпен, 1920), Эрик Мальмберг (Швеция. 35 жас, 6 ай), Эмиль Вяре (Финляндия. 35 жас, 6 ай. Лос-Анджелес, 1932), Аксел Гренберг (Швеция. 34 жас, 2 ай. Хельсинки, 1952) және Михайн Лопес Нуньес (Куба. 33 жас, 11 ай, Рио-де-Жанейро, 2016) сынды ардагер балуандардың да есімдері спорттық шежіренің сарғайған беттерінде алтын әріптермен жазулы.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар