Спорт • 02 Шілде, 2020

Жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 індетіне байланысты Олим­пия ойындары кейінге шегеріл­геннен соң Халықаралық гимнастика федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Жаңартылған күнтізбеге сәйкес, көркем гимнастикадан бірінші әлем кезеңінің өтетін уақыты белгілі болды. Бастапқыда атал­ған дода­лар кейінге шегерілген болатын. Нәти­жесін­де, барлық кезең 2021 жылға ауыс­ты­рыл­ды.

Кесте бойынша келесі жылғы әлем кубо­гы­ның жарыстары мына қалаларда өтеді: София (Болгария) – 2021 жылдың 9-11 сәуірі, Ташкент (Өзбекстан) – 2021 жылдың 16-18 сәуірі, Баку (Әзербайжан) – 2021 жылдың 7-9 мамыры, Песаро (Италия) – 2021 жылдың 28-30 мамыры.