Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердінің Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күніне орай құттықтады. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті қазақстандық дипломаттар!
Құрметті ардагерлер!
Осыдан 28 жыл бұрын 2 шілдеде Мемлекет басшысы Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосын құру туралы Жарлыққа қол қойғаны өздеріңізге мәлім.
Сол кездегі күрделі жағдайға қарамастан, Министрліктің алғашқы қызметкерлерінің жанқиярлығы мен кәсіпқойлығы арқасында дипломатиялық қызметтің басты негіздері, іргетасы мен жұмыс қағидаттары іс жүзінде «таза парақтан» қалыптастырылды.
Жаңа құрылған отандық дипломатиялық қызметтің кадрлық, қаржылық мәселелерін шешуде, біздің шет елдердегі алғашқы өкілдіктерді ашу бағытында қомақты жұмыс атқарылды.
Аға буын өкілдерінің іс-әрекеттері нәтижесінде «Сыртқы істер министрлігінің рухы» қалыптасты.
Осы орайлы сәтті пайдаланып ардагерлерімізге алғыс, саламыздың қалыптасуына ұйытқы болған тұлғаларға шынайы құрметімді білдіргім келеді. Мемлекетіміздің халықаралық аренадағы бүгінгі табыстары мен жеңістері бірінші кезекте Сіздердің еңбектеріңіз!
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен еліміздің сыртқы саясаты прагматизм және конструктивизм қағидаттары, тиімді ынтымақтастық пен қарым-қатынастар негізінде дамып келе жатқанын ерекше атап өткім келеді.
Бүгінде біз әлемнің 182 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнаттық, еліміздің маңызды халықаралық ұйымдарға кіруін қамтамасыз еттік. Қазақстанның әлемнің 103 елді қамтитын, 98 шет елдердегі мекемесі бар.
Біз көпжақты және екіжақты ынтымақтастықтың 3700 астам халықаралық құжаттан тұратын қомақты шарттық-құқықтық базасын жасадық, ол ұлттық мүдделер мен өзекті халықаралық мәселелердің барлығын қамтиды.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы халықаралық шарттарға қол қойылуы және олардың күшіне енуі қазақстандық дипломатияның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Бүгін біздің сыртқы шекарамыз – тату көршілік пен ынтымақтастық шегі ретінде қарастырылады.
Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында «қауіпсіздікті тұтынушы» және әлемдік саясатқа жаңадан араласа бастаған Қазақстан бүгінде «тұрақтылық генераторына» және кейбір жанжалдарды реттеуге белсенді түрде атсалысқан медиаторға айналды.
Дегенмен халықаралық аренадағы айтарлықтай жетістіктерімізге қарамастан, біз қол жеткізген табыстарымызбен тоқталып қала алмаймыз, алда бізді ауқымды жаңа жұмыстар күтіп тұр. Әлемде ескі құбылыстар трансформациялануда, көптеген оң немесе теріс сипаттағы күрделі жаңа процестер өріс алуда. Біздің міндетіміз - сын-тегеуріндерге лайықты және нәтижелі ден қойып, жаңадан ашылған мүмкіндіктерді толығымен әрі тиімді пайдалану.
Бұл мақсатта біздің дипломаттардың қазіргі буынынан жұмыста креативті әдістерді қолдануын, толықтай күш-жігерін жұмсауын әрі өзінің кәсіби деңгейін үнемі жақсартуын күтеміз. Бұл сыртқы саяси ведомствоның жаңа сапалы деңгейге өтуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, осы жыл әлемді дүрліктірген және тынысын тарылтқан, халықаралық қарым-қатынастарға кедергі келтірген қатерлі дерт - коронавирус індетімен күресу жылы болып отыр.
Әлемде пандемия жарияланғаннан кейін Министрлігіміз бен дипломатиялық өкілдіктеріміз Қазақстан азаматтарының елге оралуына бар күш-жігерін салып, шет мемлекеттердің медициналық көмегі мен жабдықтарын алуға атсалысты.
Бұл орайда, еліміздегі төтенше жағдай мен карантин кезеңі үшін арнайы құрылған СІМ Штабының, консулдардың және белсенділік көрсеткен басқа да әріптестеріміздің жұмысын ерекше атап өткім келеді.
Біздің алдымызда асар белестер мен бағындырар шыңдар әлі де баршылық. Оларға қол жеткізу үшін бәрімізді жұмылған жұдырықтай біртұтас механизм болып жұмысты жалғастыруға шақырамын!
Құрметті әріптестер,
Сыртқы саясат саласындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіре отырып, Сіздердің баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Егеменді еліміздің игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріңіз жемісті болсын.
Елімізге тыныштық, жерімізге береке, отбасыларыңызға бақыт және зор денсаулық тілеймін", - делінген хабарламада.
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар