"Шыңғысхан" халықаралық әуежайы Сомон Сэргэлэннен Моңғолия астанасына дейін 52 шақырым қашықтықта салынған.
Әуежай жылына үш миллионға дейін жолаушыны қабылдай алады. Болашақта кеңейту жұмыстары және жылына он екі миллион жолаушыға дейін ұлғайту жоспарлары бар. Салыстырмалы түрде қазіргі Ұланбатырдың "Буянт-Ухаа" әуежайынан қарағанда, жаңа әуежай жылына 0,9 миллион жолаушыға шейін қызмет көрсетеді.
Жаңа әуежайдың жобасында 2 ұшу-қону жолағы, автокөлік және темір жол терминалдарымен жабдықтандырылған. Алдағы таңда әуежай маңына 100 мыңға жуық халық орналасатын ("Aero City") қала құрылысы жоспарда тұр. Сондай-ақ әуежайдың сағатына есептік қуаты 1100 жолаушыны құрайды.
Қазіргі уақытта "Буянт-Ухаа" халықаралық әуежайында МИАТ моңғол авиакомпаниялары чартерлік рейстерді қамтасыз етеді. Ал Hunnu Air және Аeromongolia авиакомпаниялары тұрақты ішкі рейстерді орындайды.