Қоғам • 02 Шілде, 2020

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

1245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан және пневмониядан қайтыс болғандар туралы айтты, - деп жазады Egemen.kz,

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

"Соңғы тәулікте 10 пациент коронавирус инфекциясынан, 20 пациент пневмониядан қайтыс болды. Статистика толыққанды жарияланып келеді. Қазір біз біріккен статистикаға көштік, яғни симптомды әрі симптомсыз адамдар бірге көрсетіледі. Бұл, өз кезегінде еліміздегі нақты жағдайды түсіну үшін керек. Коронавирусқа шалдыққан әр адам індетті басқаларына жұқтыруы мүмкін. Біздің мақсат - қалыптасқан жағдайға дұрыс баға беру", - деді ол.