Аймақтар • 03 Шілде, 2020

Астана күні қарсаңында марапаттар алды

390 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова партияның орталық офисінде "Biz Birgemiz" акциясына белсенді қатысқандарға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан түрлі марапаттар тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана күні қарсаңында марапаттар алды

Соның ішінде "Jas Otan" аймақтық филиалының басшысы Біржан Құдайбергеновке жаман індетке қарсы күресте белсенділік көрсеткені үшін "Халық алғысы" медалі берілді. Ал республикалық "Biz Birgemiz" акциясының 12 еріктілеріне Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың атынан Алғыс хаттар берілді. Олардың арасында спортшылар, журналистер, қоғам өкілдері, бизнес қайраткерлері бар.

Аймақтық филиал төрағасының орынбасары жиынға қатысқандарды Астана күні мейрамымен құттықтап, біздің елдің барлық жетістіктері мен табыстары қазіргі Нұр-Сұлтан қаласынан өрбитінін атап айтты. "Бүгінгі күні Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы бірлік пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің орталығына айналып отыр. Оның барлық қалыптасу жолында Елбасы Н.Назарбаевтың қолтаңбасы бар. Біз барлық нұрсұлтандықтарға және барлық Қазақстан халқына одан әрі өркендеу мен даму тілейміз", деді өзінің сөзінде Әсем Рахметова.

"Халық алғысы" медалімен марапатталған Біржан Құдайбергенов "Biz Birgemiz" акциясына қатысу барысында атқарған қызметтері туралы айтып берді. "Біз мұхтаж жандарға тамақ, қорғаныс құралдарын ғана жеткізген жоқпыз, сонымен бірге оларды жылы сөзімізбен қолдап, моральдық күш-қуат беруге тырыстық. Маған берілген марапат жалғыз менің емес, барлық тобымызға жасалған құрмет деп білемін", деді ол.

Осы шарада солтүстікқазақстандық бес белсенді азамат "Nur Otan" партиясы қатарына өтті. Олардың арасында жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі Қазақстанның спорт шебері, Азия чемпионы Ирина Эктова да бар.

ҚЫЗЫЛЖАР