5 шілде – Ұлттық Домбыра күні. Атаулы күнге орай, "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы "World Dombyra Festival" атты жаһандық жоба бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

"World Dombyra Festival" жобасына әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік домбыра шеберлері. QazAlliance жетекшісі Әлішер Тұрсын: "Фестиваль – "Ұлттық домбыра күніне" орайластырылған. Сол себепті "World Dombyra Festival" жобасын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның мақсаты − шет елдерде Қазақстанның имиджі мен мәдениетін таныту, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен ұлттық өнерге баулу және оларға ұлттық бірегейлігімізді дәріптеу.
Жобаның ең тамаша тосынсыйы еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған "Димаш Байжұма" күйі болды. "World Dombyra Festival" жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан Жанайдар Нұрсалиев қатысып, осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді ("Dears") ерекше қуаныш пен шаттыққа бөледі.
Сондай-ақ Азия елдері бойынша World Dombyra Festival жобаcының координаторы Таңшолпан Бауыржанқызы: "Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат еліміздің ұлттық музыкасын, ұлттық аспап – домбырамызды әлемге таныту. Осы іс-шара әлем бойынша бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. Мен де бірінші рет қатысып, жобаға барынша көмегімді көрсетіп жатырмын", дейді ол.
Ал жобаның бас режиссері Тимур Сырымдатулы: "Біздің мақсатымыз – домбыра күнін тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша домбыра күнін тойлауды дәстүрге айналдыру. Әлем жұртшылығы біздің домбыраны, біздің мәдениетімізді танып, бүкіл әлем қазақтары шілде айының әр бірінші жексенбісінде флэшмоб, ғаламшардың басты алаңдарында ашық концерттер түрінде фестиваль өткізу», дейді Сырым Датұлының тікелей ұрпағы.
Естеріңізге сала кетейік, "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы 2015 жылы құрылып, бүгінгі күні әлемнің 20-дан астам елдің өкілдері жұмыс жасайды және шет елдердегі қазақстандықтардың ұйымдары мен бірқатар ірі Қазақстан студенттерінің қауымдастықтарын біріктіреді. Альянс президентінен бастап мүше болған барлық патриоттар ақысыз түрде қызмет жасайды. Олар жұмыстары мен сабақтарынан тыс уақыттарын шетелде Қазақстанға пайдалы жобаларды жүзеге асыруға арнайтын еріктілер.
"QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар ұйымының бірлескен жобасын сіздерге ұсынамыз:

Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар