Төрткүл дүниеге жаңа тұрпатты мегополис ретінде танылған Елорданың мерекесіне Қарағанды облысы ерекше дайындықпен келді. Әуелі кеншілер астанасында «Теміртау – алтын бесігім» деген тақырыпта халықаралық онлайн-дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына Zoom платформасы арқылы Елбасының серіктестері, Украинадағы Каменск жоғары кәсіби училищесінің директоры Вадим Неклесе, Алматы облысының Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Қыдыр Нұрбергенұлы, Қарағанды металлургия комбинатының бұрынғы бас директоры Олег Сосковец және басқалар қатысты.

Теміртау қаласының 75 жылдығы мен Қазақстан Магниткасының 60 жылдық мерейтойына арналған іс-шараны жүргізіп отырған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімінің еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан мен Теміртау қалаларын және Қазақстан Магниткасын өзара байланыстырып тұратынын ерекше мақтанышпен атап өтті.
– Қарағанды облысының Елбасымыздың еңбек және саяси Отаны екенін мақтан тұтамыз. Дәл осы жерден Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің кәсіби жолын бастады. Өзі айтқандай, Теміртау оның басты университеті болды. Сонау 60-шы жылдары тақыр далада комбинат цехтарын салған, елдің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, металдың рекордтық тонналарын берген адамдарға шын ниетпен тәнті боламын. Ал Елбасы негізін қалаған, 20 жылдың ішінде әлемдегі ең әдемі астаналардың біріне айналған елорданың құрылысына қарағандылықтардың да қосқан үлесі қомақты болды, – деді өңір басшысы.
Алғашқылардың бірі болып сөз алған Украинадағы Каменск жоғары кәсіби училищесінің директоры Вадим Неклесе аталған оқу орнында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мұражай бар екенін, жалпы білім ұясында қайраткер тұлға есімінің зор құрметке ие екенін атап өтті.
Еске салар болсақ, Каменскідегі бұл білім мекемесі бұрын Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесі болған еді. Мұнда 1958 жылдан 1960 жылға дейін болашақ Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев білім алған болатын.
Бұдан кейін Елбасының сенімді серіктестері әңгімені әрі қарай өрбітіп, тарихи мәні зор құнды естеліктерімен бөлісті. Мысалы, Тұңғыш Президентпен Қарағанды политехникалық институтында бір топта оқыған досы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов Елбасының еңбек жолы туралы тұшымды әңгіме айтты.
Сондай-ақ онлайн-дөңгелек үстел отырысында Елбасының серіктесі, Қазақстан Магниткасында бірге еңбек еткен Қабидолла Сарекенов, бұрынғы цех бастығы Эдуард Миникес, алып комбинаттың басшысы болған Олег Сосковец, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин, ҚарМТУ-дың ректоры Марат Ибатов және басқалар Тұңғыш Президенттің қайраткерлік тұлғасын аша түскен естеліктерімен бөлісті, қайраткер тұлғаның елорданың ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің мызғымас іргетасын қалаған ерен еңбегі турасында пайымды пікірлерін айтты.
Халықаралық онлайн-дөңгелек үстел отырысының соңында облыс әкімі Елбасының ғибратты ғұмыры мен еңбек жолы жайлы тың деректер және қызғылықты мәліметтер ұсынған құрметті қатысушыларға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
* * *
Елорда күні мерекесінің қарсаңында Елбасының еңбек Отаны Теміртауда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бой көтерген жаңа емхана ашылды. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қатысуымен салынған екі қабатты емхананың бір ауысымда 50 адамды қабылдауға мүмкіндігі жетеді.
Бұл күні дәл осындай тағы екі емхана облыс орталығында да айқара есік ашты. Мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде салынған бұл медициналық нысандардың бірі қаладағы №11А ықшам ауданда, ал екіншісі Оңтүстік-Шығыс аумағында бой көтерді. Алғашқысы бір ауысымда 50 адамға дейін қабылдай алса, екінші емхананың қуаты бір ауысымда 150 келушіге қызмет көрсетуге жетеді. Мұнда қабылдауды 11 жалпы тәжірибе дәрігері, екі педиатр, екі акушер-гинеколог, терапевтік бейіндегі 11 салалы маман және терапевтік емес бағыттағы екі маман жүргізетін болады.
Айта кету керек, жаңа емханалардың барлығы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер мен пациенттерге ыңғайлы болу үшін нысандарда электронды кезек жүйесі жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ бұл күні Қарағандыда «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында еліміздегі ең ірі Global City көтерме-тарату логистикалық орталығы бой көтерді. Бұл жерде азық-түлік өнімдері сақталады, сұрыпталады және сатылатын болады. Ең бастысы, орталықта көкөніс пен жеміс делдалдарсыз босатылады, ал мұның өзі Қарағанды нарығында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де бағаны төмендетуге мол мүмкіндік береді.
Аталған нысанда бөлшек сауда үшін ауданы 42 мың шаршы метр сауда-ойын сауық орталығы, 149 жеке тұрған сауда павильоны және аумағы 2 мың шаршы метр мамандандырылған ет павильоны салынды.
Мұнда ірі көтерме сауда орындары үшін әртүрлі температуралық режімдегі климаттық қойма, құрғақ қойма, уақытша сақтау қоймасы (УСҚ), темір жол тұйығы, көтерме краны бар контейнерлік алаң, кедендік ресімдеу аймағы, тиеу-түсіру техникасы қарастырылған. Аумақта кросс-ДОК орналасқан, олар бір мезгілде 164 жүк көлігін қабылдай алады. Тағы бір артықшылық – көліктер үшін логистикалық орталықтан Қарағанды қаласын Нұр-Сұлтан, Павлодар және Алматы бағыттарымен жалғап жатқан жол айрығына тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ Global City көтерме-тарату логистикалық орталығында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша фермерлер мен сатып алушылар үшін электронды сауда алаңы құрылады және бизнес-үдерістерді басқару жүйесі толықтай автоматтандырылады.
Елорда күні мерекесінің қарсаңында бой көтерген нысандардың ашылуында болған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Тұңғыш Президентіміздің тікелей тапсырмасымен іске асқан әлеуметтік маңызы зор бұл жобалардың ең бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі шаруалар екенін ерекше атап өтті.
Қарағанды облысы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар