Аймақтар • 07 Шілде, 2020

Қостанай облысының әкімі короновирустан емделіп шықты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов бұл туралы "инстаграм" желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Қостанай облысының әкімі короновирустан емделіп шықты

"Құрметті қостанайлықтар! Менің COVID-19-ға тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім" - деген облыс әкімі өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақыра келіп, "Барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істегендері үшін алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!" - деп жазды.


Қостанай облысы