Спорт • 08 Шілде, 2020

Mercedes өкілі топ жарды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияға байланысты кейінге шегерілген «Формула-1» жарысына да старт берілді. Маусымның алғашқы жарысы Аустрия гран-приімен басталды.

Mercedes өкілі топ жарды

Жылдың алғашқы бәсекесінде Mercedes клубының өкілі Валттери Боттас жеңімпаз атанды. 2011 жылдан бастап «Формула-1» жарысына қатысып келе жатқан финляндиялық автошабандоз осымен жалпы саны 8 кезеңде мәре сызығын бірінші болып кесті. 30 жастағы спортшы 2017 жылдан бері Mercedes командасында өнер көрсетеді.

Аустрия гран-приінде екінші орынды Ferrari өкілі Шарль Леклер иеленсе, үздік үштікті McLaren автошабандозы Ландо Норрис түйіндеді. Жарыстың өткен жылғы чемпионы, Mercedes клубының тағы бір өкілі Льюис Хэмилтон мәре сызығын екінші болып кескен еді, алайда жарыс ережесін бұзғаны үшін уақыты 5 секундқа шегеріліп, бәсекені 4-орынмен қорытындылады.