Әлем • 08 Шілде, 2020

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын ресми мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар орталығы хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

АҚШ бұл шешімі туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті хабардар еткен. Шешім 2021 жылы 6 шілдеде күшіне енуі тиіс. Ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик растады.

Айта кету керек, АҚШ 1948 жылдың 21 маусымынан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрамында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кез келген мемлекет белгілі бір шартпен қабылданады. Ұйым құрамынан шығатыны туралы мемлекет бір жыл бұрын хабардар етуге тиіс.