Әлем • 08 Шілде, 2020

Сербия халқы ел президентінің биліктен кетуін талап етті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербиялық наразылық білдірушілер коменданттық сағатты енгізу туралы шешімнен кейін полиция өкілдеріне қарсы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Сербия халқы ел президентінің биліктен кетуін талап етті

Үкімет демалыс күндері коронавирустық инфекциялар санының күрт өсуіне байланысты елде төтенше жағдай режімін жариялаған. Алайда бұл шешімге қала тұрғындары наразылықтарын білдіріп, ереуілге шықты.

Бұдан бөлек, олар ел президентінің дағдарыстан шығуға арналған шешімдеріне қарсы шығып, биліктен кетуін талап етті.

Үкімет оппозициялық альянстың бойкотына қатысты Президент партиясы жеңіп алған сайлау қарсаңындағы шектеулерді де алып тастады. Сейсенбі күні Сербия билігі елде вирустан 13 өлім тіркелгендігін мәлімдеді.