Руханият • 08 Шілде, 2020

Қостанайда "Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық" тренингі өтіп жатыр

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 8-10 шілде аралығында Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кітапханашыларына медиасауаттылық бойынша онлайн тренинг өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда "Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық" тренингі өтіп жатыр

Қатысушылар Украина мен Қазақстанның тәжірибелі жаттықтырушылары: Хмельницкий орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» құралының авторы Тамара Козицька, белгілі медиажаттықтырушы Мейрамхан Жапек және Л. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Дариха Дүйсебаева.

Тренинг қатысушылары медиабілім беру және медиасауаттылық үлгілерімен танысады:

• Медиасауаттылық күнделікті өмірге қажетті дағды;
• Жаңалықты саралай білу. Ақпаратты жеткізудің стандарттары. Ақпараттың туралығын қалай тексеруге болады. Ақпарат көздерінің жіктелуі;
• Ақпараттық соғыс: насихаттан қалай құтылуға болады немесе халық неге оңай алданып қалады;
• Сыни тұрғыдан ойлаудың технологиялары мен әдістері.

Төрт облыстың кітапханашылары атсалысып жатқан онлайн тренингтің алғашқы күнін Қостанй облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ашып, сөз сөйледі. Тренинг қазақ және орыс тілдерінде өтуде.

Жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ Агенттігінің (#USAID) қолдауымен #MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.