Медицина • 09 Шілде, 2020

Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ивл) шығарылады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Шымкентте науқастарға аса қажетті құралдың бірі – өкпені жасанды желдету аппараты. Індет жұқтырғандар санының артуына орай шетелден келетін бұл құрал барлық емделушілерге жетпей отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ивл) шығарылады

Осынау қысылтаяң шақта отандық медициналық құрал-жабдықтар өндіретін  Kazmedpribor Holding ЖШС аталған аппаратты өздерінде өндіретін болды.

Бұл ақжолтай жаңалықты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Сондай-ақ, қала басшысы Kazmedpribor Holding ЖШС директоры Рахат Байзақовпен пандемиямен күрес мәселелерін талқылады.

Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлады.
Өзінің алғысын білдірген Шымкент қаласының әкімі жақын арада әкімдік қолдауымен Kazmedpribor Holding ЖШС-і ӨЖЖ аппаратын шығаратынын жеткізді.

"Біз бұл жобамен үш ай бойы жұмыс жасадық. Ендігі кезекте қажетті сертификатты алсақ, аппаратты шығара бастаймыз. Алдымен, қаланы толығымен қамтып, содан кейін еліміздің өзге қалаларына көмектесетін боламыз. Бүгінгі басты жағымды жаңалық осы", деді Мұрат Әйтенов.

Қазіргі таңда қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 130 портативті аппарат бар. Сондай-ақ, 250 "Бобров" тыныс алу аппараты, 10 монитормен қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше