Теннис • 10 Шілде, 2020

Ұпайдан шашау шықпайды

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой теннис ассоциациясы (ATP) коронавирусқа байланысты спорттық жарыстар уақытша тоқтатылған соң жыл аяғына дейін спортшылардың рейтингі сақталатынын мәлімдеді.

Ұпайдан шашау шықпайды

Спортшылардың рейтингі наурыздың ортасынан бастап спорттық жарыстармен бірге уақытша тоқтатылған-ды. Жуырда АТР басшылығы теннисшілердің рейтингі 2020 жылдың соңына дейін сақталатынын айтты. Десе де спортшылар биылғы күнтізбеде сақталған турнирлерде былтырғы жылға қарағанда жақсы өнер көрсетсе, қажетті ұпайын жинай алады. Бірақ ұпайы 2021 жылы рейтинг ережелері бұрынғы қалпына келгенде ғана қосылады.

АТР пікірінше, жаңа рейтинг жүйесі денсаулық жағдайына немесе қауіпсіздік мақсатында 2020 жылғы турнирлерге қатысудан бас тартқан барлық теннисшілерге қатысты әділ әрі қолайлы шешім болмақ. Қажет болған жағдайда бұл жүйе әрі қарай күнтізбедегі өзгерістерге сай бейімделуі мүмкін.