Экология • 10 Шілде, 2020

11-13 шілде күндері батыста ыстық, ал шығыста жаңбыр күтіледі

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамы туралы Egemen.kz хабарлайды.

11-13 шілде күндері батыста ыстық, ал шығыста жаңбыр күтіледі

Кезеңнің басында республикада циклон жырасының солтүстіктен және оңтүстіктен шығуына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады.

Содан кейін антициклон сілемінің жылжуымен жауын-шашын тоқтатылып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Тек республиканың шығысында  кезең бойы  жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты, дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады.