Президент • 10 Шілде, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды және бұл мәселеге енді оралмаймыз

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: "2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады". Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды және бұл мәселеге енді оралмаймыз

Президент Қ.Тоқаев: "Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", деп нақтты айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. 

"Жерді алдың ба, оны игеру керек", дейді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.