Қазақстан • 12 Шілде, 2020

Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық жабдықтар елге 14 шілдеде жеткізілуі мүмкін

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық жабдықтар елге 14 шілдеде жеткізілуі мүмкін

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстамбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқандығын хабарлаймыз.

Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD өз веб-сайтында жариялады.

Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу ағымдағы жылдың 14 шілдесіне жоспарланған.

Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар

Бағзыдан жеткен балбал тас

Жәдігер • Бүгін, 09:00

Шашубайдың тамы

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Халық мұғалімі

Зерде • Бүгін, 08:52

Парасат биігіндегі ғұмыр

Тұлға • Бүгін, 08:50

«Айқаптағы» Мағжан өлеңдері

Әдебиет • Бүгін, 08:48

Сөз сайысындағы сатира

Мирас • Бүгін, 08:45

Қылқаламдағы қала тынысы

Көрме • Бүгін, 08:43

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:40

Үш айда 32 адам қаза тапты

Қоғам • Бүгін, 08:25