Қазақстан • 13 Шілде, 2020

Елімізде 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкеріне үстемақы төленді

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияның негізгі ошағында жүрген 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы үстемақы жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде 26 мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкеріне үстемақы төленді

Қауіптілігі жоғарғы инфекциялық бөлім мен стационарлық жан сақтау бөлімдерінің дәрігерлеріне 850 мың теңге, провизорлық стационарлық бөлімдер  мен жедел-жәрдем дәрігерлеріне 425 мың теңге төленді.

Ал қауіптілігі орташа карантиндік стационар мамандарына және санитарлық бөлімдердің дәрігерлеріне 212 теңге көлеміндегі үстемақы тағайындалды.