Қазақстан • 13 Шілде, 2020

Еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 14-16 шілде аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Еліміздің төрт облысында 43 градусқа дейін күн ысиды

Күндіз 14 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдін күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 14-16 шілдеде кей жерінде 35 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%.    

"14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай күтіледі, 38-41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%", - делінген хабарламада.

Күндіз 14-16 шілдеде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 14-16 шілдеде 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда қаласында күндіз 14 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. 41 градус қатты ыстық сақталады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше