Оқиға • 14 Шілде, 2020

Үздік атанды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі «ТМД-ның үздік студенті – 2020» бай­қау-жобасын ұйымдастырды. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат жас ғалым­дардың үздік жобаларын анықтау, студенттік ынтымақтастықты дамыту болды.

Үздік атанды

Байқау-жобаға Қазақстаннан басқа Өзбек­стан, Ресей Федерациясы, Беларусь және басқа да бірқатар елдердің жоғары оқу орындарынан өтінімдер келіп түсті.

Осы сынға қатысқан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-техникалық факультетін биыл тәмамдаған Перизат Жаңбырбаева бірінші дәрежелі медаль мен дипломға ие болды.

«ТМД-ның үздік студенті-2020» байқау-жобасы жеңімпаздарының есімдері «Дарынды жастардың халықаралық энциклопедиясы» атты екінші кітаптық жиынтыққа енгізілді.

 

ҚАРАҒАНДЫ