Спорт • 14 Шілде, 2020

«Астана» виртуалды жарысты аяқтады

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаттығу жиынындағы интернет байланысының нашарлығына байланысты «Астана» велокомандасы «Тур де Франс» виртуалды додасын мерзімінен бұрын аяқтады.

«Астана» виртуалды жарысты аяқтады

«Команда 2020 жылғы маусым алдында Сьерра-Невадада жаттығу жиынын өткізуде. Онлайн жарыстың үшінші кезеңінде интернеттің дұрыс істемеуіне байланысты біраз қиындықтарға тап болдық. Жарысты ұйымдастырушылармен бірге мәселені шешуге тырыссақ та, тауда байланыс дұрыс істемейді екен. Сол себепті, спортшылар кешегі кезеңді аяқтауға мәжбүр болды. Әрі қарай маусым дайындығын жалғастыра береміз. Ниццадағы нағыз «Тур де Франста» кездескенше», деп мәлімдеді команданың спорт менеджері Дмитрий Фофонов.