16 Қазан, 2013

Блоггерлер Королеваның жаңа «шаш үлгісін» талқылап жатыр

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-10-13-koroleva bald 02

Блоггерлер бірнеше күннен бері әнші Наташа Королеваның жаңа «шаш қою» үлгісін талқылап жатыр. Бұл туралы «Вести» телеарнасы хабарлады.

Бұрынғы танымал поп-бойжеткен шашын түгел қырғызып алдырып, суретін өзінің инстаграмына салып қойыпты.

Блог пайдаланушылардың бірқатары қазір Королеваның денсаулығы жағдайына алаңдауда. Енді біреулер тақырбас кескінді гримерлер жасап берген дегенді жазуда. Тағы бір болжам бойынша, Наташа Ресейде түсірілетін «Бөгде» деген фильм-ремейкте осылай ойнайтын көрінеді.

Ал эстрада жұлдызының өзі мұндай имиджі үшін қуанышты деседі.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар