Білім • 14 Шілде, 2020

Магистратураға тест тапсыру талаптарына биыл қандай өзгерістер енгізіледі?

1654 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Магистратураға тест тапсыру талаптарына биыл қандай өзгерістер енгізіледі?

"Биыл айтарлықтай өзгерістер жоқ, қазіргі уақытта бұл жұмыс жүріп жатыр. Биылғы жылы тесттілеу өткізіледі, ол тамыз айында болады. ILTS бойынша және ағылшын тілін игеру бойынша талаптарды күшейттік", - деді министр. 

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 - 20 тамыз аралығында қабылданады. 3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандары 4 - 20 тамыз аралығында өткізіледі.