"Үкімет отырысында бүгінгі ахуалға қатысты әлеуметтік саладағы әзірленген ұсыныстар шешімін тапты. Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген азаматтардың 3 тоқсанға тағайындауын проактивті түрде яғни, өтінішін өткізбей тағайындау туралы шешім және де бұл жерде халықтың көп сұрап жатқаны екінші кварталда 42 500 алған азаматтар бұны табыс ретінде және ЕСП төлегендерді табыс ретінде есептелмейді. Бүгінгі таңда 128 мың жанұя осы аталған әлеуметтік көмекті алып жатыр. Екіншісі, мүгедек жандарға қатысты олардың мүгедектік мерзімі осы күндерге келген жағдайда олардың мүгедектік мерзімін автоматты түрде 3 айға созып тұрамыз. Оған тиісті мемлекеттік жәрдемақысы төленетін болады. Осы айда 29 мың мүгедек жанға қатысты болады", - деді министр.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше