Медицина • 14 Шілде, 2020

Мониторингтік топ елорда дәріханаларын тексерді

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы екі күнде елордаға 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Мониторингтік топ елорда дәріханаларын тексерді

Нұр-Сұлтанға екі жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 400-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және т.б.

Барлық дәрі-дәрмек қала дәріханаларына жеткізіледі. Соңғы екі күнде елордаға 1 млн 200 мың қаптама дәрі-дәрмек әкелінді. Барлық дәрі-дәрмек қала дәріханаларына таратылады. Дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. "Феникс", "Гиппократ", "Цветная", "Максима Фарм", "Частная", "Медилаб", "Салауат", "А-Фарма" және т.б. ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мониторинг тобы аталған дәріханаларда дистрибьюторлар тарататын дәрілердің болуын тексерді.

"Рейдтік шара барысында тұрғындар ең көп баратын 15 ірі дәріхана желісі қамтылды. Керек дәрі-дәрмектер қажетті мөлшерде жеткізілiп жатқанымен, сұраныс өте жоғары болғандықтан, олар азаматтар арасында бірден сатылып кетіп жатқаны байқалды. Сондықтан, дәріханалардың көпшілігінде дәрі-дәрмектерді жан басына тарату шектелген. Тұрғындардың көпшілігі дәріханаға кезекте тұрғанда қауіпсіздік шараларын, әлеуметтік қашықтық сақтамауда. Барлық келушілер санитарлық ережені қатаң сақтауы тиіс", дейді қалалық жастар саясаты басқармасының бөлім башысы Ақұлан Тастемір.

Хабарланғандай, елордада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз көтергендермен күрес күшейді. Дәрі-дәрмектің бағасы қымбаттағаны анықталса, азаматтар іKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ +7 775 160 55 32 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуіне болады. Дәрі-дәрмектің бағасы күмән тудырған жағдайда, dari.kz қосымшасы мен ndda.kz ресми сайты арқылы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сілтеме бойынша adilet.zan.kz тексеруге болады. Үкімет пен елорда әкімдігі дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетуде.