Аймақтар • 14 Шілде, 2020

Қостанай облысында мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтағы жол жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында жұмыс күші ретінде жергілікті тұрғындарды көптеп еңбекке тарту маңызды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының басты мақсаты да осы. Мемлекет қаржысына жөнделіп жатқан жол, я оңдалып жатқан нысан сол маңайдағы жұмыссыздық мәселесінің шешілуіне де ықпал етуі тиісБағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы бүгін облыс әкімдігінде талқыланды.

Қостанай облысында мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары облыстағы күре жолдардың оңдалуы барысында еңбекке тартылған тұрғындар туралы есеп берді.

А. Костюковтың мәліметінше, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойыншааймақта жыл басынан бері 5,4 млрд теңге игерілген. Бағдарлама бойынша жалпы саны 5064 адамды еңбекпен қамту жоспарланған. Қазірдіңөзінде 939 адам жұмысқа тұрыпты.

30 шақты нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары әлі бастала қойған жоқ. Таяу күндері Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Қамысты аудандарында 3 жоба қолға алынады. Алтынсарин ауданында 2, ал облыс орталығында 25 жобаны жүзеге асыруды бастаймыз. Бұл жобалар 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Олардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасатын болады. Мұның сыртында, жол жөндеу жұмыстарына пайдаланылатын материалдардың 90%-ы жергілікті кәсіпорындардан сатылып алынады, - деді А.Костюков.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жол құрылысына жауапты мекеме басшыларына мердігерлермен келісім шарт жасауда аса мұқият болып, жол жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қатаң бақылауды тапсырды.