16 Қазан, 2013

Бразилия Сноуденмен сөйлесуге ниет білдірді

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 10-SnoudenБразилияның федералды полициясы АҚШ пен Канада тарапынан Бразилия мемлекеттік құрылымдары мен өнеркәсіптік компанияларына бағытталған тыңшылық деректері бойынша тыңғылықты тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Тергеу амалдарын жүргізу барысында АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің деректері біз үшін үлкен қажеттілік тудырып отыр», – дейді Бразилия федералды полициясы барлау басқармасының басшысы Жозе Альберту Фрейтас.

«Біз үшін Сноуден ең негізгі ақпарат көзі болып отыр. Егер онымен сөйлесуге мүмкіндік болмаса, тергеу ісінің алдыға жылжуы екіталай», – деді Бразилия сенатының электронды барлау деректері жөніндегі кеңесінің басшысы Рикардо Феррасо. Ол сондай-ақ бейсенбі күні Ресей билігінен Сноуденмен бейне желі арқылы сөйлесуге рұқсат сұрайтынын мәлімдеді.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар