Хоккей • 15 Шілде, 2020

Биылғы маусымнан шет қала ма?

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елорданың «Барыс» командасының елдегі эпидемиялық ахуалға байланысты тұрақты біріншілік­тің биылғы маусымына қатыса алмай қалуы мүмкін екендігі айтылып жатыр.

Биылғы маусымнан шет қала ма?

Жуырда осы мәселеге байланысты ҚХЛ президенті Алексей Морозов арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, «Барыс» турнирге қатысуға ниетті. «Біз әрдайым біріншілікке қатысатын елдердің жағдайын бақылап отырамыз. Өкінішке қарай, қазір Қазақстандағы жағдай қиын екенін білеміз. «Барыстың» маусымнан бас тартатыны туралы мәлімет жалған. Қазақстан командасы биыл да бас жүлде үшін таласуға ниетті. ҚХЛ-дің басталуына әлі бір жарым ай бар. Осы уақыт аралығында жағдай тұрақталады деп сенеміз», дейді Морозов.

Айта кетейік, «Барыс» былтырғы маусымда «Шығыс» конференциясында екінші, Чернышев дивизионында бірінші орын иеленді. Жалпы лигада төртінші орынға тұрақтады.