Футбол • 15 Шілде, 2020

Еурокубокке қатысады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында УЕФА Англияның «Манчестер Сити» клубын қаржылық Fair Play ережесін бұзды деп айыптап, команданы екі жылға Еурокубок бәсекелерінен шеттеткен еді. Сондай-ақ 30 миллион көлемінде айыппұл салған.

Еурокубокке қатысады

Бұл шешімге наразы болған клуб басшылығы Лозаннадағы Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағымданып, жеңіске жетті деуге де болады. Күні кеше CAS «Манчестер Сити» клубының апелляция­сына ішінара қанағаттанарлық деп танып, командаға келесі жылғы Еурокубок бәсекелеріне қатысуына рұқсат берді. Сонымен қатар айыппұл көлемін 30 миллионнан 10 миллионға дейін қысқартуға шешім қабылдаған.

Қазіргі таңда «Манчестер Сити» Ағыл­шын премьер-лигасында 35-турдан кейін 72 ұпаймен екінші орында келеді. Осылайша, «Сити» 2020/21 жылғы Чемпиондар лигасына қатысу құқығына ие болды.