Атап айтар болсақ, марафон 8 қарашада, жартылай марафон 20 қарашада өтеді деп жоспарланған. Греция үкіметі коронавирус індетімен күресте оң нәтижеге қол жеткізіп, 10 мың қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан биылғы марафон екі кезеңге бөлінген. Бірінші және екінші кезеңіне 5 мың қатысушыдан жіберіледі.
Биылғы марафонға әлемнің атақты желаяқтары қатыспайды. Сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты шаралар мен концерттік кештер ұйымдастырылмайды.