Стати қандай да бір нақты немесе құқықтық негіздерсіз ашылмаған байланысты тараптар арасындағы мәмілелерге қатысқаны туралы Республиканың позициясын сот шешімі растайды. Бұл транзакциялар Статимен шығындарды арттыру үшін пайдаланылып, кейінірек Республикадан төрелікте талап етілді. Сот Стати компаниялары төлемдерді өзара заңдық немесе фактілік негізсіз жүзеге асырғаны туралы қорытындыға келді.
Алайда, бұл төлемдер Республика мен Стати арасында дау туындағанға дейін жүргізілгендіктен, сот голландиялық заңнама бойынша шешімді танудан бас тарту үшін олар жеткіліксіз деп белгіледі.
Республика сот дәлелдемесінің осы бөлігімен келіспейді. Төрелік сот шешім шығарған кезде Стати өзінің шығыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер мен фальсификацияланған қаржылық көрсеткіштер ұсынды және төрелік сот оларға сүйенді. Сондықтан, Республика бұл процессуалдық алаяқтықты айқын түрде білдіреді деп санайды.
Іске қатысты Стати қаржылық алаяқтығын нақты көрсететін қаржылық көрсеткіштер туралы ақпарат талқылаудан алып тасталды. Мәселен, өткен жылы KPMG халықаралық консалтингтік компаниясы молдавандық бизнесмендер өз аудиторларына әдейі ұсынған жалған қаржылық ақпаратқа байланысты Қазақстандағы Стати компанияларына берілген аудиторлық есептерін қайтарып алды. Бұл ретте голландиялық сотқа және Республикаға талқылау кезінде 2016-2019 жылдары аралығындағы Стати мен KPMG арасындағы хат алмасу туралы белгілі болған жоқ, ол тек 2019 жылдың қазанында (Амстердамның апелляциялық сотында ғы тыңдаудан үш ай өткеннен кейін) анықталды. Осы хат алмасуда KPMG неліктен Стати KPMG-ге бұрмаланған мәліметтерді ұсынғаны және Боранкөл кен орнында аяқталмаған газ өңдеу зауытын салуға жұмсалған жүздеген миллион АҚШ долларын құрайтын шығындардың қаншалықты заңды болғаны туралы сұрақтарды көтерді. Төрелік басталғанға дейін зауытты салуды тоқтатқан Стати әрдайым осы маңызды дәлел туралы білген.
Стати Қазақстанға қарсы жасалған алаяқтықтың ауқымын жасыру мақсатында бұл ақпаратты голландиялық соттан жасырды.
Республика сот шешіміне шағым жасау мүмкіндіктерін зерделеуде.