17 Қазан, 2013

Кез келген тағайындау ел алдында тұрған міндеттерге байланысты

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының отырысына қатысып, Парламент Сенаты Төрағасының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының кандидатураларын ұсынды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев мем­ле­кеттегі кез келген та­ғайын­даудың ел алдында тұрған мін­деттерге байланысты болатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті сөй­ле­ген сөзінің барысында Қ.Мәмидің кандидатурасын Жоғарғы Сот Төрағасы қызметіне ұсынды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан На­зар­баев Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Рес­публикасы Парламенті Сена­ты­ның Төраға­сы қызметіне сайлау жөнінде ұсыныс енгізді.

Сенат депутаттарының жасырын дауыс беру қорытындысы бо­йынша Қ.Тоқаев Парламент Се­натының Төрағасы қызметіне сайланды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бар­лық ұсынысын қолдағаны үшін депутаттарға алғысын айтты.

– Сенат – еліміз халқының және Мемлекет басшысының сенімді тірегі. Өткен жылдар ішінде біз көптеген міндетті бірлесе отырып шештік. Бү­гін­де алдымызда аса өршіл және маңызды мақсаттар тұр. Өзде­ріңіз білетіндей, біздің негізгі міндетіміз – «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру және әлемнің ең дамыған 30 елі­нің қатарына қосылу. Барша қа­зақстандықтар осы идеяны іске асырудың төңірегінде топтасуға тиіс. Сонда біз алға қойған мін­дет­терге қол жеткіземіз. Егер біз күш-жігерімізді біріктіретін бол­сақ, онда еліміздің алдында алын­байтын асу болмайды, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы өз Жар­лығымен Б.Бекназаровтың Қа­зақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалғанын мәлім етті.

Отырыс соңында жаңадан тағайындалған басшылар Мем­лекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыстарын айтып, алдарына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін салуға ұмтылатындарына сендірді.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар