Қызылорда облысында биылғы жартыжылдықта негізгі алты экономикалық көрсеткіштің бесеуі төмендеп кеткен. Облыстағы құрылыс жұмыстары 68,2, инвестиция тарту 49,5 пайызға азайған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы да республикалық көрсеткіштен жоғары болып тұр.

Алты айлықтың қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осы мәселені баса айтып, аймақта коронавирус індетімен күресу бағытындағы атқарылып отырған жұмыстарға, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне тоқталды.
Жиында бағаны тұрақтандыру бағытында жіберілген кемшіліктері үшін Жаңақорған мен Арал ауданы әкімдеріне қатаң ескерту жарияланды. Қызылорда қаласы мен аудан басшыларына көкөніс және басқа да әлеуметтік азық-түлік бағаларын өсірмей, байқалған фактілер бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Әкімдер уақыт оздырмай көршілес облыстарға шығып, халықты арзан өнімдермен қамтамасыз етудің қамын жасауы керек.
– Картоп 63, ал сәбіз бен пияз 50 пайызға қымбаттаған. Қыс пен көктем болса бірсәрі, ал көкөніс пісе бастайтын дәл қазіргі кезеңдегі бұл көрсеткіш тіпті ақылға сыймайды. Барлық аудандарда бағалардың негізсіз өсуіне жол берілген, соның ішінде Жаңақорғанда 7, Арал мен Қызылорда қаласында 6 түрлі азық-түліктің бағасы көтерілген, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Биыл көктемгі егіс науқаны кезінде әкімдіктерге су тапшылығына байланысты күріш көлемін шектеу тапсырылған еді. Бірақ сол ескертуді елемегендердің артық еккен егіні судан қалып, диқандардың еңбегі еш болып отыр. Мысалы, статистикалық есеп бойынша облыста 89 623 гектарға күріш егілген. Оның 8 492 гектары артық. Шиелі ауданы 12 200 гектар алқапқа күріш еккендігі туралы есеп бергенімен, нақты 14 353 гектарға дән себіліпті. Қазір осы аудандағы 3 шаруашылықтың 720 гектардан астам күрішіне су жетпей, күйіп кетіп отыр. Өңір басшысы берілген тапсырманы мерзімінде орындамай, күріш көлемін қолдан ұлғайтып, су тапшылығына әкеп соқтырғаны үшін Шиелі ауданының әкіміне сөгіс жариялады.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша да жоба ұсынбаған аудандар бар. Соңғы 6 айда бағдарлама аясында құны 788,6 млн теңге болатын 37 жоба мақұлданса, оның басым бөлігі Жаңақорған ауданына тиесілі болып отыр.
– Ал Арал ауданында бірде-бір жоба жоқ. Бұл мемлекеттік бағдарламаның орындалмағанын білдіреді. Жағдай бұлай жалғаса берсе, аудан басшысының тәртіптік жауапкершілігін қараймыз. Бұл барлық басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдеріне қатысты. Бағдарлама шеңберінде Қызылорда қаласы 10 млрд, ал барлық аудан әкімдіктері 2 млрд теңгеге жуық межені игеру бойынша жұмыстарды жалғастыруы тиіс, – деді өңір басшысы.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыста 276 жобаны жүзеге асыруға 37 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл қаражат пандемия уақытында 9300 жаңа жұмыс орнын ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Қазір 276 жобаның 270-сі бойынша жұмыстар басталған. Жұмыс орнын құру көрсеткішкері Қызылорда қаласында 39,4 және Арал ауданына 46,1 пайыз. Өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне ай соңына дейін жаңа жұмыс орындары көрсеткішін 50 пайыздан асыруды жүктеді.
Аймақ басшысы бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесін де еске салды. Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасындағы барлық кемшіліктер түзеліп, жыл соңына дейін өңірдегі 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендер сапалы интернетпен қамтылуы қажет.
Жиында жақында ғана тағайындалған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың баяндамасын тыңдаған аймақ басшысы тез арада індетпен күресу бағытында арнайы жоспар жасап, бекітуге ұсынуды тапсырды.
Қызылорда облысы
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Кеше
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Кеше
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Кеше
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Кеше
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Кеше
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Кеше
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Кеше
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Кеше
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар