Спорт • 16 Шілде, 2020

Гран-при жарысында іркіліс болмайды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағы (ISU) қараша айында Қытайда жоспарланған Гран-при кезеңі өз уақытында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Гран-при жарысында іркіліс болмайды

Жоспар бойынша 6-8 қараша күндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі өтуі тиіс болатын. Алайда Қытайдың спорт басқармасы коронавирусқа байланысты елде 2020 жыл­дың соңына дейін ешқандай спорттық іс-шаралар өтпейтінін мәлімдеген. Осыдан соң ISU мамандары Қытай Ұлттық олимпиада комитетімен байланысқа шығып, аталған турнир Токио Олимпиадасы қарсаңындағы сынақ турнирлердің бірі екенін жеткізген. Кейін Қытай тарапы мәнерлеп сырғанаудан Cup of Ghina бәсекесінің уақытында өтетінін хабарлады.