Футбол • 16 Шілде, 2020

Әлем чемпионымен қоштаспақ

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның «Барселона» клубы фран­циялық қорғаушы Самюэль Умтитиді жазғы трансфер кезеңінде сатып, орнына басқа футболшы алуды көздеп отыр.

Әлем чемпионымен қоштаспақ

Қазіргі таңда 26 жастағы қорғаушының қызметіне Италия А сериясындағы «Наполи», «Лацио», «Рома» және «Торино» клубтары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ бұған дейін «Интер» командасы да Умтитиді өз құрамында көргісі келетінін мәлімдеген еді.

2018 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атанған Самюэль Умтити «Барселона» клубына 2016 жылы Францияның «Лион» командасынан ауысып келген еді. Биылғы маусымда қорғаушы жарақатына байланысты бірнеше ойынға қатысқан жоқ. Бір жылдың ішінде ол «Барселона» құрамында бар-жоғы 18 матч өткізді.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше