Күрес • 16 Шілде, 2020

Олимпиада алтынынан айырылды

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) өзбекстандық еркін күрес шебері Артур Таймазовтан допинг ережесін бұзғаны үшін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы алтын медалін кері қайтарып, басқа спортшыға беруге шешім шығарды.

Олимпиада алтынынан айырылды

40 жастағы Таймазов кезінде өз дәуірінің күрес спортының шоқ-жұлдыздарының бірі болды. Әйгілі балуан 2000-2012 жылдар аралығында Өзбекстан құрамасының намысын қорғады. Осы уақыт ішінде ол төрт Олимпия ойындарында бақ сынап, соның үшеуінде тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Тек 20 жасында қатысқан Сидней Олимпиадасында ғана финалда есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтқан.

120 килода бақ сынаған Таймазов Лондон Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Алай­да жарыс кезінде алынған допинг сынама­сы қайта тексеруден өткен соң спортшының  тыйым салынған препаратты қолданғаны бел­гілі болды.

Айта кетейік, Артур Таймазов осымен екінші Олимпиада алтынынан айырылып отыр. 2017 жылы Таймазовтың 2008 жылы Бейжің Олимпиадасындағы допинг сынамасы да оң нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы деген атағынан айырылған болатын. Енді оның еншісінде Олимпиаданың бір алтын, бір күміс жүлдесі бар.