Қазақстан • 16 Шілде, 2020

Қазақстандық әйгілі ұшқыш пневмониядан қайтыс болды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Эйр Астана" ұшқышы Қанат Сиденғалиев пневмониядан көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық әйгілі ұшқыш пневмониядан қайтыс болды

Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшып бастаған. Өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтады.  

Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев "Эйр Астана" компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған.

Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген.

Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті.