Қазіргі кезде Алматы қаласының аумағында құрғақ өсімдіктердің өртенуінің 231 оқиғасы тіркелген. Өрт көбінесе Алатау, Медеу, Түрксіб және Наурызбай аудандарының аумағында орын алған.
Арман Байгеловтың хабарлауынша, Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 03.07.2020 №46 Қаулысының талаптарына сәйкес, жекелеген (3 адамнан аспаған жағдайда немесе бір отбасының мүшелері) жағдайларды қоспағанда, табиғат аясына экскурсиялық, корпоративтік, топ болып шығуға тыйым салынған. Бірақ, Алматы қаласының таулы орманды жерлерінде халықтың демалу жағдайлары тіркелуде. Осыған байланысты, таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі үшін ТЖД қызметкерлері жергілікті полицияның және мемлекеттік Ұлттық табиғи парк қызметкерлерімен, волонтерлік ұйымдармен бірлесіп 60 түсіндіру шараларын жүргізді.
"Рұқсат етілмеген орындарда от жағудың 101-ден астам оқиғасы тіркелген. Әкімшілік жауапкершілікке 40 жеке тұлға тартылды", - деді Арман Байгелов, ол ӘҚ туралы ҚРК 367-бабына сәйке, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда от жаққан екі азаматқа 277 800 тг айыппұл салынғанын айтты.
Сонымен бірге, белгіленген мерзімде демалушыларға өртке қарсы тақырыпта 4075-тен астам жадынама таратылды.
Брифинг барысында алматылықтарға Алма-арасан шатқалының аумағында Ү.Алматы, Казачка өз. бойында ыстық тамақ әзірлеуге арналған арнайы орындар бар екенін еске салды. Яғни, үстел, от жағатын жер, мангал мен барбекю үшін бетондалған алаң бар.
"Ерекше қорғалатын аумақтар мен рұқсат етілмеген жерлерде от жаққандары үшін ТЖД және МҰТП қызметкерлері "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салатынын атап өткім келеді", - деді А.Байгелов, ол айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 10-нан 100 АЕК немесе 27 780 тг 277 800 тг дейін екенін атап өтті.
Айта кетерлігі, Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылдың 14 шілдедегі №48 қаулысына орай коронавирустың одан ары таралуынынң алдын алу үшін таулы-орманды аумақтарға баруға қосымша шектеулер енгізілген.
Жұмыс күндері мына ережелерді сақтай отырып, тек қана жаяу серуендеуге рұқсат етілген:
• Өзімен бірге азық-түлік (сусындардан басқа) әкеліп, пикник ұйымдастыруға және от жағуға қатаң тыйым салынады;
• саябақтардың аумағында үш адамнан артық жүруге болмайды;
• Санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуы тиіс.
Ұлттық саябақтар аумағы демалыс күндері келушілер үшін жабық болады.