Әлем • 17 Шілде, 2020

Twitter-де құпиясөзді өзгерткен аккаунттар бұғатталып жатыр

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Twitter соңғы 30 күнде құпиясөзін өзгерткен аккаунттарды бұғаттайды. Бұл туралы Twitter компаниясының өкілдері хабарлады.

Twitter-де құпиясөзді өзгерткен аккаунттар бұғатталып жатыр

"Бізде хакерлік шабуыл жасағандардың құпия сөздерді алғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ өте сақ болған жөн. Сондықтан біз 30 күнде құпиясөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттайтын болдық", - дейді компания өкілдері.

Осыған байланысты Twitter кейбір қолданушылар өз аккаунттарына кіре алмауы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар, Twitter-де шамамен 130 аккаунтқа шабуыл жасалғанын хабарлады.

1