Аймақтар • 17 Шілде, 2020

Ақсулықтар жақсылық жасаудан жарысып жатыр

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Іргені індет түріп, ел іші әбігер болған шақта белсенді азаматтардың білек түріп шығатыны сүйсінтеді. Жұрттың бірлікке үндеп, ізгілікке баулу арқылы қайырым жасауға шақырған жүректі жандардың қатары көп болған сайын, қиындықты еңсеру оңайлай беретіні де анық. Мұның мысалын Жетісу жерінде жалғасқан жағымды шара легіне қарап айтуға болады, - деп хабарлайды egemen.kz.

Ақсулықтар жақсылық жасаудан жарысып жатыр

Мысалға, Ақсу ауданының азаматтары бас біріктіріп, қолында бармен бөлісуге кірісті. Атаа айтқанда, Барлыбек Сырттанов ауылында Дастан Өмірзақұлы, Ерболат Тасболат, Қалқаман Самалбек, Ұлан Мұқатаев сияқты шаруа қожалығының жетекшілері бастап, ауыл тұрғындарына тегін қымыз бен қой етін таратуды қолға алыпты. Бұл бастамаға ауылдағы жеке кәсіп иелері де қосылып, жиналған азық-түлікті үйлерге таратуға ерікті жастар кірісіпті. Олар Б.Сырттанов ауылы мен Қопа ауылында тұратын 40 отбасыға 50 литр қымыз таратқан. Сондай-ақ, бастамашылар Ақсу аудандық ауруханасының дәрігерлері үшін бір қойып апарып, тағы 50 литр қымыз да жеткізіп берген екен.

Айтпақшы, шағын ауылдан басталған қайырым акциясына қазір көрші ауылдар да қосылып жатыр. Ашығын айтқанда, ақсулық ағайын жақсылық жасаудан жарысқа түсіп жатыр. Ізгі мақсатқа сауын айтылғаннан кейін қайырым шарасына үлес қосушы еріктелер саны көбейіпті. Аз күнде Қызылағаш, Ақсу, Ойтоған, Қарагөз, Жаңалық, Қарашілік, Н.Есеболатов, І.Жансүгіров ауылының іскер азаматтарын мен тұрғындары жұмылып, 600 мың теңге қаражат жинаған екен. Бұл қаржығаауданда індетпен күресіп жүрген ах халатты абзал жандарға азық-түлік, жеміс-жидек, қой еті және қымыз апарып беруде. Мысалға, аудандағы орталық аурухананың провизорлық және жұқпалы аурулар бөлімінде қызмет ететін 64 медицина қызметкер 2 айдан бері Е.Сихымов атындағы мектеп-интернатының жатақханасында жатыр. Қайырым көмегінің алғашқы легі осы жердегі дәрігерлерге табысталды.